2025 жылғы 12 желтоқсанда «ҒТТИ» ЖШС басшылығы CSTI компаниясының делегациясымен кездесу өткізді. Бұл кездесу 2025 жылғы 12–15 қараша аралығында Бейжің қаласында өткен Қазақстан–Қытай ғарыш саласындағы ынтымақтастық жөніндегі жұмыс тобының отырыстары шеңберінде басталған бірлескен жұмыстың жалғасы болды.
Кездесу қорытындысы бойынша BeiDou навигациялық жүйесін қолдану саласындағы бірлескен қызмет туралы, теңдік, өзара тиімділік және серіктестік байланыстарды одан әрі нығайту қағидаттарына негізделген Меморандумға қол қойылды.
«ҒТТИ» ЖШС және CSTI Қазақстан Республикасында навигациялық технологиялар мен инновациялық шешімдерді дамытуға бағытталған перспективалы жобаларды бірлесіп қарастыруға және ынтымақтастықты жалғастыруға дайын екендіктерін білдірді.

