Артқа


ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Аэроғарыш комитетінің делегациясы Бакудегі ИСЕСКО бірінші өңірлік семинарына қатысты


 

 

 

 

 

2025 жылғы 18 шілдеде Баку қаласында (Әзірбайжан) ИСЕСКО Өңірлік кеңсесі ұйымдастырған "Білім, ғылым және мәдениет саласындағы өңірлік ынтымақтастықты нығайту" атты алғашқы өңірлік семинар өтті.

 


Іс-шара Әзербайжан, Өзбекстан, Тәжікстан, Қырғызстан және Қазақстан өкілдерін біріктірді. Қазақстандық делегация құрамына ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Аэроғарыш комитеті төрағасының орынбасары А.Қазкенов, "Ғарыштық техника және технологиялар институты" ЖШС директорының перспективалық жобалар жөніндегі орынбасары Л. Сұлтанбекова қатысты.

 


Қазақстандық делегация келесі тақырыптар бойынша 2 баяндама ұсынды: "Қазақстанның аэроғарыш саласындағы білім, ғылым және технологиялар саласындағы белсенділігі" және "Шұғыл ден қою жүйелерін әзірлеу және енгізу тәжірибесі және IоT технологияларын қолдану".

 


Семинар аясында ҚР ЦДИАӨМ АҒК делегациясының ИСЕСКО Өңірлік кеңсесінің басшылығымен жұмыс кездесулері өтті. Қазақстандық тарап ИСЕСКО қамқорлығымен ғарыш ғылымы мен спутниктік технологиялар саласындағы өңірлік өзара іс-қимылды күшейтуді ұсынды.

 

 

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар Бакудегі ИСЕСКО Өңірлік кеңсесінің болашақ бағдарламалары шеңберінде диалогты жалғастыруға және бірлескен бастамаларды пысықтауға келісті.