
«Ғарыштық техника және технологиялар институты» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің 2023–2026 жылдарға арналған Мемлекетаралық радионавигация бағдарламасының іс-шараларының жауапты орындаушысы болып белгіленді.
/KASE, 21.05.25/ – «Ғарыштық техника және технологиялар институты» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі (KASE коды – IKTT) келесіні хабарлады:
дәйексөздің басы
Мемлекеттік органдар мен халықаралық серіктестердің сенімі, сарапшылық деңгейдің мойындалуы, ғарыш және навигациялық технологияларды дамытуға қосқан үлесі.
Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Аэроғарыш комитеті (қысқаша атауы – «Қазғарыш») 2024 жылғы 26 тамыздағы № 513/НҚ және 2025 жылғы 28 ақпандағы № 86/НҚ бұйрықтарымен «Ғарыштық техника және технологиялар институты» ЖШС-ін Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына мүше мемлекеттердің 2023–2026 жылдарға арналған Мемлекетаралық радионавигациялық бағдарламасы шеңберіндегі іс-шараларды жүзеге асыру бойынша Қазғарыш тарапынан жауапты орындаушы ретінде айқындады.
Бағдарлама 2022 жылғы 28 қазандағы ТМД Үкімет басшылары кеңесінің шешімімен бекітілген және Достастық аясында үйлестірілген әрі тиімді радионавигациялық кеңістікті дамытуға бағытталған.
дәйексөздің соңы
Қазақ тіліндегі пресс-релиздің толық нұсқасы – толығырақ
Орыс тіліндегі пресс-релиздің толық нұсқасы – толығырақ