Артқа


ҒТТИ ЖШС қызметкері гир спорты бойынша Әлем кубогының жеңімпазы атанды


 

Марат Еслямов — Өзбекстандағы гир спортынан Әлем кубогының жеңімпазы.

 

Әріптесіміз, Ғарыштық техника және технологиялар институтының (ҒТТИ) қызметкері Марат Еслямов Өзбекстанның Ханабад қаласында өткен гир спортынан Әлем кубогында жарқын жеңіске жетті. Жарысқа әлемнің 20-дан астам елінен үздік спортшылар қатысты.

 

Марат 24 кг салмақты гир көтеруден «ұзын циклды серпе көтеру» дисциплинасында бірінші орынды сенімді түрде иеленді. Бұл жеңіс оның ұзақ уақыт бойғы жаттығулар мен қажырлы еңбегінің, жоғары кәсібилігі мен жанкештілігінің нәтижесі.

 

Әріптесіміздің жетістігі тек спортшының жеке жеңісі ғана емес, сонымен қатар ҒТТИ ұжымының мақтанышы және Қазақстан Республикасының ұлттық құрамасының спорт қоржынына қосылған маңызды үлес болып табылады.

 

Институт ұжымы Марат Еслямовты жарқын жеңісімен шын жүректен құттықтай отырып, жаңа спорттық жетістіктер, кәсіби қызметте табыстар, зор денсаулық және алға қойған мақсаттарына жетуде сарқылмас қуат тілейді.

 

Марат, біз сені мақтан тұтамыз!