Артқа


«Ғарыштық техника және технологиялар институты» ЖШС ұжымы Александр Сергеевич Инчинді 75 жасқа толуымен шын жүректен құттықтайды!


Құрметті Александр Сергеевич!

 

«Ғарыштық техника және технологиялар институты» ЖШС Сізді 75 жылдық мерейтойыңызбен шын жүректен құттықтап, осы ерекше күні өзінің ең жылы әрі ақжарма тілектерін жолдайды.

 

Сіз — компьютерлік технологиялар мен цифрлық деректерді өңдеу және талдау саласындағы жоғары білікті ғалым әрі мамансыз. Сіз цифрлық деректердің функцияларын, талдауы мен синтезін жүйелі түрде зерделеуге арналған ғылыми және практикалық негіздерді жасап, Қазақстан мен Ресейдің көптеген ғылыми ұйымдарында табысты қолданылған ондаған қолданбалы бағдарламалық жасақтаманы әзірледіңіз.

 

Мерейтойыңызда Сізді, әрқашанғыдай, сергек, көтеріңкі көңіл-күйде, дана, келешекке креативті жоспарларға толы тұлға ретінде көріп отырғанымызға қуаныштымыз.

 

Сізге шығармашылық шабыт пен серпін, ой мен мақсат бірлігін, еліміздің ғарыштық болашағына деген сенімді, зор денсаулық, жемісті еңбек, отбасылық бақыт пен береке, сондай-ақ қазақстандық ғылым мен ғарыш саласының игілігі үшін ұзақ жылдарға жететін сарқылмас күш-қуат тілейміз.

 

Ізгі құрметпен,
«Ғарыштық техника және технологиялар институты» ЖШС