
"ҒТТИ" ЖШС 1–3 шілде аралығында Тасымалдарды бақылау ақпараттық жүйесін тәжірибелік енгізуге дайындық аясында өңірлік қызмет менеджерлерінің кандидаттарына оқу курсын өткізді.
Оқудан сәтті өткен кандидаттар Қазақстанның әртүрлі өңірлерінде "ҒТТИ" ЖШС-нің атынан Тасымалдарды бақылау ақпараттық жүйесінің ұлттық операторы ретінде қызмет атқарады.
Олардың негізгі міндеттеріне шекаралық өткізу пункттерінде жұмыс істейтін қызметкерлерді іріктеу мен оқыту, сондай-ақ шекарадан тыс жерлерде навигациялық пломбаларды орнату және алу кіреді.