Артқа


ҚР ҚМ МКК қызметкерлерге "Транзит" АЖ-ның қалай жұмыс істейтінін үйрету үшін қызықты семинарлар өткізді


2024 жылдың 24–28 маусым аралығында "Ғарыштық техника және технологиялар институты" ЖШС ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің қызметкерлеріне Тасымалдарды бақылау АЖ-нің мүмкіндіктері мен навигациялық пломбалардың жұмыс істеу принциптерін таныстыру мақсатында мазмұнды онлайн семинарлар ұйымдастырды. Бұл шара жүйені тәжірибелік енгізуге дайындық аясында өтті.

 

Семинарларға Комитеттің орталық аппараты мен барлық өңірлік бөлімшелерінің қызметкерлері қатысты. Бағдарлама Тасымалдарды бақылау АЖ-нің автоматтандырылған жұмыс орнын, мобильді қосымшаны және навигациялық пломбалардың жұмысын таныстыруды қамтыды.