 
2023 жылғы 11 желтоқсанда Москва қаласындағы Еуразиялық экономикалық комиссияның штаб-пәтерінде 2022 жылғы 19 сәуірдегі Еуразиялық экономикалық одақта тасымалдарды қадағалау үшін навигациялық пломбаларды қолдану туралы келісімді іске асыру шеңберінде Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің ұлттық операторлары арасындағы өзара іс-қимылды реттеуші өзара іс-қимыл туралы шартқа қол қойылды.
Шартқа қол қойғандар:
•    Артур Акопян, "АрмДжиПиЭС" ЖШҚ директоры (Армения);
•    Александр Скачковский, "Белтаможсервис" (Беларусь) РУК бас директорының бірінші орынбасары;
•    Разия Буралхиева, "Ғарыштық техника және технологиялар институты" ЖШС директоры (Қазақстан);
•    Түркмен Боотаев, Қырғыз Республикасының халықаралық автомобиль тасымалдаушылары қауымдастығының төрағасы;
•    Артем Попов, "Цифрлық платформаларды дамыту орталығы" ЖШҚ бас директоры (Ресей).
Шарт навигациялық пломбаларды қолдану туралы келісімді іске асыру шеңберінде ЕАЭО ұлттық операторларының өзара іс-қимылының жалпы принциптері мен қағидаларын айқындайды. Атап айтқанда, шарт келесіні қамтамасыз етеді:
•    қадағалау объектілерінде орнатылған навигациялық пломбалар туралы ақпарат алмасу;
•    навигациялық пломбаларды белсендіру және сөндіру кезіндегі өзара іс-қимыл;
•    штаттан тыс жағдайлар туындаған кезде өзара іс-қимыл;
•    тексерулер жүргізу кезіндегі өзара іс-қимыл.
Шартқа қол қою ЕАЭО-та навигациялық пломбаларды қолдану туралы келісімді іске асырудағы маңызды қадам болып табылады. Шарт ЕАЭО ұлттық операторларының тиімді өзара іс-қимылын қамтамасыз етеді және Одақ шеңберінде тауарларды тасымалдаудың айқындылығы мен қауіпсіздігін арттыруға мүмкіндік береді.
