Қазақстан Республикасы Құрылтайының Цифрландыру, инновациялар және ғылым комитеті жанынан ғылым жөніндегі сарапшылық кеңес құрылды. Оның қызметі отандық ғылымды дамытудың өзекті мәселелерін талқылауға және заңнаманы жетілдіру жөнінде ұсыныстар әзірлеуге бағытталған.
Аталған мәселелерді жан-жақты пысықтау үшін ғылыми-зерттеу институттарының, ғылыми орталықтардың, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының ғылыми-зерттеу қызметінде практикалық тәжірибесі бар ғалымдары мен мамандарының қатысуы қажет.
Осыған байланысты ғылым жөніндегі сарапшылық кеңестің жұмысы туралы ақпаратты ведомстволық бағынысты және жетекшілік ететін ғылыми және білім беру ұйымдарына, оның ішінде ведомстволық бағынысты бірлестіктердің, холдингтер мен университеттердің құрылымына кіретін ұйымдарға жеткізуді және мүдделі ғалымдар мен мамандарға Комитеттің сарапшылық жұмысына қатысуды ұсынуды сұраймыз.
Ғылыми қоғамдастықтың ұсыныстары зерттеулерді қаржыландыру, ғылыми конкурстар мен сараптаманы ұйымдастыру, ғылыми ұйымдардың материалдық-техникалық базасын дамыту, ғылыми кадрларды даярлау және қолдау, сондай-ақ зерттеу нәтижелерін коммерцияландыру және өндіріске енгізу мәселелерін қамтуы мүмкін.
Ұсыныстар мен бастамаларды жолдау үшін Құрылтайдың ресми сайтында «Қызмет» - «Сарапшылық кеңестер» бөлімі қарастырылған. Аталған бөлімде Цифрландыру, инновациялар және ғылым комитетін және тиісті бағытты таңдау қажет.