2026 жылғы 9 шілдеде Минск қаласында (Беларусь Республикасы) ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің, оның ішінде Қазақстан Республикасының, сондай-ақ ТМД Атқарушы комитетінің өкілдері қатысқан "Радионавигация" мемлекетаралық кеңесінің 65-ші отырысы өтті. Қазақстан Республикасынан отырыста Қазақстан Республикасы Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің Аэроғарыш комитетінің сенімхаты бойынша "Ғарыштық техника және технологиялар институты" ЖШС (ИКТТ) қатысты.
Отырыс барысында ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің Мемлекетаралық радионавигациялық бағдарламасын іске асыру, 2027-2030 жылдарға арналған бағдарламаны дайындау, "ЭРА-ГЛОНАСС" және "ААШШ" авариялар мен апаттар кезінде шұғыл шақырудың мемлекеттік автоматтандырылған ақпараттық жүйелерін интеграциялау, сондай-ақ радионавигация саласындағы нормативтік базаны дамыту мәселелері қаралды.
Отырыс қорытындысы бойынша ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің радионавигациялық инфрақұрылымын одан әрі дамытуға, мемлекетаралық өзара іс-қимылды жетілдіруге және навигациялық технологиялар саласындағы бірлескен жобаларды іске асыруға бағытталған шешімдер қабылданды.
Дереккөз: https://e-cis.info/news/564/137248/