10 сәуір күні «Ғарыштық техника және технологиялар институты» ЖШС-де Ғылым және ғарышкерлер күніне арналған салтанатты іс-шара өтті. Іс-шара барысында Институт басшылығы құттықтау сөз сөйлеп, қызметкерлердің ғылым мен ғарыш саласын дамытуға қосқан үлесін атап өтті. Сонымен қатар, шараға сала ардагерлері қатысты. Іс-шара аясында қызметкерлерді құттықтау және марапаттау рәсімі ұйымдастырылып, тәжірибелі мамандармен қатар жоғары әлеуеті мен дамуға деген ұмтылысын көрсетіп жүрген жас қызметкерлер де марапатталды. Сондай-ақ, ғарыштық технологияларды дамытуға қосқан үлесі және ұжымның кәсіби өсуіне ықпал ететін тәлімгерлік қызметі ерекше атап өтілді. Іс-шара жылы атмосферада өтіп, бейресми әңгімелесумен аяқталды.