Қатты қар жаууы және ауа райының қолайсыздығына байланысты Қазақстан Республикасының бірқатар облыстарында автомобиль жолдарының кейбір учаскелері уақытша жабылды. Қазіргі уақытта ААШШ орталығына SOS батырмасымен жабдықталған көлік құралдарынан көптеген шұғыл шақырулар түсуде. Жүргізушілер қатты қар салдарынан автокөліктердің жолда тұрып қалып, өздігінен қозғала алмай жатқанын хабарлап, құтқарушылардың көмегіне жүгінуде. Жүргізушілерден қалааралық жолдарға шығар алдында жабық жол учаскелері туралы ақпаратпен міндетті түрде танысуды, сондай-ақ қолайсыз ауа райы кезінде мүмкіндігінше жолға шықпауды сұраймыз. Өзіңізді және жақындарыңызды сақтаңыз!