Артқа


«Ғарыштық техника және технологиялар институты» ЖШС-нің ғылыми және ғылыми-техникалық қызметі туралы


«Ғарыштық техника және технологиялар институты» ЖШС Қазақстан Республикасының 2024 жылғы 1 шілдедегі №103-VIII ҚРЗ «Ғылым және технологиялық саясат туралы» Заңының 27-бабына сәйкес ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектісі ретінде аккредиттелген.

 

Аталған куәлік мемлекеттік бюджет қаражаты және Қазақстан Республикасы жер қойнауын пайдаланушылар қаражаты есебінен қаржыландырылатын ғылыми және ғылыми-техникалық қызмет конкурстарына қатысу құқығын береді.

 

Институт ғарыш техникасы, телекоммуникациялық технологиялар және навигациялық жүйелер саласында, сондай-ақ қорғаныс және ұлттық қауіпсіздік бағыттарын қоса алғанда, ғылым мен техниканың сабақтас салаларында ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды орындауда елеулі тәжірибеге ие.

 

Құрылған күннен бастап Институт жүздеген гранттық, бағдарламалық-нысаналы және шаруашылық келісімшарттық жобаларды іске асырды. Институт жоғары технологиялық өнімдерді, оның ішінде навигациялық және телематикалық шешімдерді әзірлеу мен енгізуді жүзеге асырады. Аталған шешімдер Мемлекеттік автоматтандырылған ақпараттық жүйе «ААШШ» және «Транзит» ақпараттық көлік жүйесінің негізін құрады.

 

Қазіргі уақытта Институт 2027–2029 жылдарға арналған бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру конкурстарына қатысу мақсатында ҚР ҒЖБМ Ғылым комитеті және ҚР ЖИЦДМ желісі бойынша үш ғылыми-техникалық тапсырма әзірлеп, жолдады.

 

Сонымен қатар 2026–2028 жылдарға арналған ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық жобаларды гранттық қаржыландыру конкурсына қатысу үшін екі өтінім, сондай-ақ ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру жобалары бойынша бір өтінім дайындалды.