Ақпараттық-түсіндіру қызметі шеңберінде Ұлттық оператор СЭҚ қатысушыларын навигациялық пломбалар тетігін енгізуге дайындауға бағытталған іс-шаралар кешенін жүргізді. ҚР ҚМ МКК, "Атамекен" ҰКП және аумақтық органдар өкілдерінің қатысуымен автомобиль өткізу пункттері мен теміржол жанасу станцияларында дөңгелек үстелдер ұйымдастырылды және өткізілді. "Атамекен" ҰКП-ны жобаның іске асырылу барысы туралы үнемі хабардар ету қамтамасыз етілді, БКБ форматында онлайн-кездесулер өткізілді, навигациялық пломбаларды қолданудың практикалық мәселелері бойынша түсініктемелер берілді. Механизмді енгізу туралы ақпарат Республикалық БАҚ-та және цифрлық платформаларда кеңінен жарияланды, сондай-ақ Еуразиялық экономикалық комиссия алаңдарында ұсынылды. Жүргізілген жұмыс навигациялық пломбаларды қолдану тәртібі туралы бірыңғай түсінік қалыптастыруға және 2026 жылғы 11 ақпаннан бастап бизнес-қоғамдастықтың жүйенің бірінші кезеңін іске қосуға дайындығын арттыруға мүмкіндік берді.