Артқа


Наурыз мейрамы құтты болсын!


 

Тарихта Наурызды тойлау 8-9 күнге жалғасқан. Оны "Наурызнама" деп атаған. «Наурыз жаңаруды бейнелейді және  сондықтан оны жаңа тәсілдермен атап өту керек: мазмұнды, креативті, жаңа айрықша элементтерді енгізумен. Бұл қоғамның шоғырлануына, ұлттық бірегейлігімізді нығайтуға ықпал ететініне сенімдімін», - деді ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев. Сонымен қатар Президент Наурызды биыл жаңаша тойлайтынымызды атап өтті.

 

  • 14 наурыз – «Көрісу күні - Амал мерекесі» 
  • 15 наурыз – «Қайырымдылық күні» 
  • 16 наурыз – «Мәдениет және ұлттық салт-дәстүр күні» 
  • 17 наурыз – «Шаңырақ күні» 
  • 18 наурыз – «Ұлттық киімдер күні»
  • 19 наурыз – «Жаңару күні»
  • 20 наурыз – «Ұлттық спорт күні»
  • 21 наурызды – «Ынтымақ күні»
  • 22 наурыз – «Жыл басы»
  • 23 наурыз – «Тазару күні»

Жалпы республика бойынша 10 мыңнан аса іс-шара өткізіледі. Ал басты мереке 21 наурызда Астанадағы ЭКСПО көрмесінің аумағында өтеді. Бұл мереке аясында киіз үйлер құрылып, түрлі мәдени-спорттық іс-шаралар ұйымдастырылады. 

 

Құрметті достар!

 

Сіздерді  жыл басы - Наурыз мейрамымен құттықтаймыз. Бұл мереке халқымыздың ең жақсы дәстүрлерін бейнелейді. 

 

Наурыз әр үйге бейбітшілік, тыныштық пен өркендеу әкелсін!

 

Сізге және Сіздің жақындарыңызға зор денсаулық, бақыт, жақсылық пен амандық тілеймі3!